Жаңа оқу жылында Қызылорда қаласында 6041 бала 1-сыныпқа барды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде 1 қыркүйек - Білім күні мерекеленуде. Қызылорда қаласында 53 жалпы білім беретін мектеп жұмыс жасайды.
None
None

Мектептердің ішінде 3 мектеп-гимназия (№№1, 9, 212), 1 «Мұрагер» дарынды балаларға арналған мектебі, 7 мектеп-лицей (№3, 5, 10,15, 23, 136, 264), 42 жалпы білім беретін мектептер, сонымен бірге 1 кешкі мектеп жұмыс істейді.

Жаңа 2014-2015 оқу жылында 1-сыныпқа 6041 оқушы келді. Ал мектептердегі жалпы оқушы саны 44 мыңнан асады деген жоспар бар. Өткен жылы қала мектептерінде 43945 оқушы оқыған болатын. Бұл туралы қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Балдырған Мәмен хабарлады.

Соңғы жаңалықтар