Жаңа Орлеан түрмесінен 10 тұтқын қашып кетті
АСТАНА. KAZINFORM - ABC news телеарнасының хабарлауынша, тұтқындар жұма күні қашып кеткен. Билік тұтқындарға түзеу мекемесінің қызметкерлері көмектесуі мүмкін деп есептейді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Орлеан округінің шериф кеңсесінің қызметкерлері қашқындардың қарулы және қауіпті болуы мүмкін екенін ескертті.
Қашқындардың бірі Кендалл Майлз сол күні ұсталды. Ол қаланың ең танымал туристік аймақтарының бірі Француз кварталынан табылды.
Шенеуніктердің айтуынша, Майлз қонақүйдің гаражындағы көлік астына тығылған.
Бастапқыда түрмеден 11 адамның қашып кеткені хабарланғанымен, кейін бұл сотталушылардың бірі қашу алдында басқа камераға ауыстырылғаны белгілі болды.
Бұған дейін АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы спорт залында атыс болып, екі адам қаза тапқаны белгілі болған еді.