«Жаңа Өрмекші адам» фильмінің кейіпкерлері қазақша сөйледі

АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - «Жаңа Өрмекші адам» фильмінің кейіпкерлері қазақша сөйлей бастады. Атап айтқанда, кеше Астанада бұл картинаның алдын ала көрсетілімі болды.
None
None

Осы жоба аясында  фильмнің мемлекеттік тілдегі дубляждалуына «Болашақ» қауымдастығы және «Marwin» компаниясы атсалысты. Жобаның бас демеушісі «DAMU Logistics» компаниялар тобы.

Дубляждың режиссері - «Көліктер-2» мен «Батыл жүрек» картиналары дубляждарының режиссері болған Айжан Жәмшитова, аудармашы -Дина Сарбазова, мәтіндердің редакторлары мен реттеушілері - Тұрысбек Сәукетаев пен Салтанат Дүнгенбаева. Фильмді дыбыстауға барлығы 30 адам қатысқан көрінеді. Таратылған мәліметтерге қарағанда, туындының кейіпкерлерін қазақша сөйлету үшін 27 мамыр мен 7 маусым аралығында «Синема Тон Продакшннің» Алматыдағы студиясында екі апта көлемінде жұмыс жасалды.

Фильмнің ұзақтығы 136 минут. Жоба бюждеті 17 миллион теңгені құрады. «Жаңа Өрмекші адам» 2012 жылы қазақ тілінде дубляждалған «Сolombia Pictures» голливудтық студиясының екінші фильмі. Бұған дейін «Қара киімділер 3» туындысы да қазақша сөйлеген еді.

«Осындай жұмыстар арқылы фильмдерде қазақ аудиториясын кеңейтіп, одан табыс жасап, кинолардың қазақ тіліндегі көрсетілімдері нарықта тұғырлана түседі»,-деді «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің төрағасы Бауыржан Байбек.

Айта кетейік, бұл фильм 5 шілдеден бастап қазақ және орыс тілдерінде еліміздің барлық аймақтарында кеңінен көрсетіле бастайды.

Соңғы жаңалықтар