Жаңа пәтерлер саны бір жыл ішінде Астанада 77, Алматыда 52%-ға өсті

2023 жылғы қаңтар-қараша аралығында елорданың көппәтерлі үйлерінде 41,8 мың пәтер пайдалануға берілді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 18,1 мыңға көп. Алматыда 19,9 мың пәтер пайдалануға берілген, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 6,8 мыңға артық. ҚР СЖжРА ҰСБ дерегінше, екі қаладағы пайдалануға берілген үйлер саны жалпы көрсеткіштің 60%-ын құрап тұр. Kazinform бұл туралы Бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасап хабарлайды. 

Алматы мен Астана
Фото: Kazinform

Мегаполистердегі қарқынның өзге өңірлерден озып келе жатқаны заңды құбылыс. Бірақ ауқымы жағынан Алматы (3,4 мың пәтер, бір жыл бұрынғы көрсеткіш - 1,7 мың), Шымкент (4,8 мың пәтер, бір жыл бұрынғы көрсеткіш - 3,5 мың) және Жетісу (1,5 мың пәтер, бір жыл бұрынғы көрсеткіш - 0,5 мың) облыстарында айтарлықтай өсім байқалады. 

8 өңірдің көрсеткіші төмендеп кетті, әсіресе Атырау облысы: 2023 жылғы 11 ай ішінде 2 мыңдай ғана пәтер пайдалануға берілген. 2022 жылдың дәл осы кезеңінде 2,9 мың болған еді. 

Қазақстан бойынша пайдалануға берілген пәтерлердің жалпы көрсеткіші былтырмен салыстырғанда бәрібір 35%-ға және 26,7 мыңға көп болған. 102 мың пәтерден асты, бұл - 2019 жылдан бері осы кезеңдегі ең жоғары көрсеткіш. 

Соңғы жаңалықтар