Жаңа Салық кодексі 2026 жылғы бюджет кірісін 3,6 трлн теңгеге ұлғайтады — Қаржы министрі

АСТАНА. KAZINFORM — Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев алдағы үш жылдық бюджетін таныстырып жатыр. 

Мәди Такиев
Фото: Үкімет

— 2026 жылға түсімдер 23,1 трлн теңге деңгейінде болжанып отыр. Оның ішінде, трансферттерді есептемегенде, кіріс 19,2 трлн теңге.

Экономиканың өсіміне, жаңа Салық кодексінің қабылдауына, оның ішінде салықтық және кедендік әкімшілендіруге байланысты кіріс биылмен салыстырғанда 3,6 трлн теңгеге ұлғайып отыр. Бұл, мемлекеттік қаржының тұрақтылығына әкеледі.

Бюджет шығысы 27,8 трлн теңге, яғни осы жылмен салыстырғанда 2 трлн теңгеге ұлғайып отыр.

2026 жылы бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге шаққанда 2,5% деңгейінде, ал 2028 жылға қарай ол 0,9%-ға дейін төмендейді деп болжанып отыр. Бұл бюджеттік тәртіпті нығайтуға және борыштық жүктемені азайтуға алып келеді, — деді министр.

Ол шығыстың негізгі бағыттарына, қысқаша тоқтала кетті.

Айтуынша, 2026 жылы әлеуметтік шығысқа 10,7 трлн теңге бөлу жоспарланып отыр. Оның ішінде әлеуметтік төлемдерге 6,8 трлн теңге, адами капиталға 3,9 трлн теңге қарастырылған.

Айта кетейік, бүгін Мәжіліс үш жылдық республикалық бюджетті талқылап жатыр. https://kaz.inform.kz/news/mazhls-ush-zhildik-respublikalik-byudzhett-talkilaydi-c0f98f/ 

Соңғы жаңалықтар