Жаңа Салық кодексі: көлік, қойма және пошта қызметінде градация қағидаты қолданылады

АСТАНА. KAZINFORM – Көлік, қойма және пошта қызметіне оңайлатылған салық режимін енгізу бірте-бірте алмастыру қағидаты негізінде жүзеге асырылатын болады. Бұл туралы жаңа Салық кодексін түсіндіруге арналған семинар барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Салық
Фото: freepik

Вице-премьердің айтуынша, аталған салаларға толық тыйым салу немесе толық рұқсат беру қарастырылмайды.

Бизнестің ауқымына қарай кезең-кезеңімен көшу тетігі, яғни «градация қағидаты» енгізілмек.

«Критерийлер ЭҚЖЖ анықтамалығына сәйкес нақты қызмет түріне байланысты болады. Негізгі мақсат – шағын бизнесті бір саладағы ірі бизнестен бөліп алу», – деді С. Жұманғарин.

Ол сондай-ақ көлік саласына байланысты ерекшеліктерге тоқталды.

«Әрине, бәрі көлік түріне байланысты болады. Егер кәсіпкер жеке қызмет көрсетсе, оған рұқсат етіледі. Ал белгілі бір градация үшін бұл жалпыға бірдей белгіленген режимге көшу қажет болатын қызмет түріне жатады», – деп атап өтті вице-премьер.

Айта кетейік, оңайлатылған салық режимінде жұмыс істеп келген кәсіпкерлердің басым бөлігі үшін жағдай өзгермейді.

Соңғы жаңалықтар