12:54, 28 Қаңтар 2009 | GMT +5
Жаңа Салық кодексі экономикалық тұрақтылыққа бастайды ? салық маманының пікірі
ОРАЛ. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Жаңа Салық кодексі экономикалық тұрақтылыққа бастайды. Бұл туралы БҚО бойынша салық департаментінің бас салық инспекторы Мұхит Ықсанов мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның пікірінше, жаңа Салық кодексінде еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын мемлекет тарапынан қолдау, олардың дамуына жағдай жасау мақсатында көптеген салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Экономиканың шикізаттық емес секторларына салық жүктемелерін азайту мақсатында корпоративтік табыс салығы 20 пайызға төмендеді. Оның кемуі кәсіпкерлердің негізгі құралдарды сатып алу және өндірісті жаңартудағы инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.
Ең бастысы, жаңа Салық кодексі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасайды, көлеңкелі экономиканың азаюын қамтамасыз етеді. Инвестициялық климатты жақсартуға да септігі тиіп, салық жүйесіндегі жемқорлықты азайтып, салық органдары мен төлеушілер арасында тиімді қарым-қатынасты күшейтеді.