13:46, 29 Қаңтар 2009 | GMT +5
Жаңа салық кодексіне сәйкес енгізілген салықтық жеңілдіктер бойынша 360 млрд. теңгеден астам қаржы кәсіпкерлердің құзырында қалады
АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Жаңа салық кодексіне сәйкес биылғы жылғы қаңтардың 1-нен бастап енгізілген салықтық жеңілдіктер бойынша 361,3 млрд. теңге кәсіпкерлердің құзырында қалады.

Бұл туралы бүгін Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде министр Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Б. Жәмішевтің айтуынша, салықты төмендетудің нәтижесінде кәсіпкерлердің қалтасында қалатын жоғарыдағы қаржы мемлекеттік кірістердің 12 пайызын немесе Ішкі жалпы өнімнің 2,3 пайызын құрайды. «Алайда, әлемдегі қаржы және тауар рыноктарындағы жағдайдың тұрақсыздығы ауанында төмендетілген корпоративтік табыс салығы өкінішке қарай, өзінің ынталандырушы рөлін жоғалтып барады», - деді министр.