Жаңа Stadler вагондары қашан қолданысқа беріледі – Вице-министр жауабы
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда жаңа Stadler вагондарын қазан айының соңы мен қараша айының басында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов мәлімдеді.
Оның айтуынша, вагондардың бір бөлігі қабылданған. Қазір пойыздардың кейбір бағыттары бойынша сынақ жұмыстары, соның ішінде тежеу жүйесі мен өзге де техникалық параметрлер тексеріліп жатыр.
— «ҚТЖ» компаниясының алдын ала мәліметіне сәйкес, вагондарды пайдалануға беру және Қазақстанда жолаушылар тасымалына шығару қазан айының соңына — қараша айының басына жоспарланып отыр. Ол үшін барлық сынақ жұмыстары аяқталуы керек, — деді Жәнібек Тайжанов.
Вице-министр бұл мерзімнің алдын ала белгіленгенін және қосымша жұмыстар қажет болған жағдайда өзгеруі мүмкін екенін атап өтті.
Ол жаңа вагондардың қолданысқа енгізілуі не себепті кешігіп жатқанын да түсіндірді.
— Бұл Қазақстанда өндіріліп жатқан жылжымалы құрамның жаңа түрі болғандықтан, оны мұқият тексеру қажет. Сынақ барысында қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін бірқатар ескерту анықталды. Олардың барлығын жойып, жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша тексерулер тағайындалды, — деді ол.
Бұған дейін Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев елдегі жол апаттарының басты себебін атаған еді.
Енді жалған техбайқау өткізген орталықтар 3 жылға дейін жұмыс істей алмайды.
Жүргізуші куәлігінен айырылған немесе жол ережесін жиі бұзатын адамдарды такси саласына жұмысқа қабылданбайды.