Жаңа темір жол Маңғыстаудың дамуына қуатты серпін береді

БЕЙНЕУ. ҚазАқпарат - Жаңа темір жолды іске қосу Ресей, одан әрі Еуропа бағытына Қытайдан өтетін трансқазақстандық көлік дәліздерінің транзиттік әлеуетін едәуір арттырады. Маңғыстау өңірінің басшысы Алик Адарбаевтың айтуынша, Маңғыстау өңірі үшін бұл жобалардың маңызын қайта бағалау мүмкін емес.
None
None

«Бұл екі жоба өз арасында бірнеше өңірлерді біріктіреді, Қазақстан Шығыс, Қытай және Еуропа батысы арасында үлкен логистикалық жол буыны болмақ. Біз арқылы автомобиль және теміржол желісі, бүгін іске қосылған «Жезқазған-Бейнеу» теміржол желісі арқылы Ақтау портына, Кавказға, Иранға және одан әрі Парсы шығанағы елдеріне, өткен жылы жаңа жол ашылған Түркменстанға жүк жөнелту мүмкіндігін береді. Бұл жол өңірдің дамуы үшін ерекше серпін береді. Жаңа жұмыс орындары құрылады, бюджетке салық түседі, өңірге барлық елдерден тауарлар келеді. Бұдан басқа, Маңғыстау тұрғындары Астана мен Алматыға келу жолдары елеулі қысқарады», - деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.

Жолды уақытша пайдалану кезеңінде, 16 қазанға дейін ол арқылы Ақтау бағытына, сонша кері қарай 8 пойыз қатынайтын болады. Тұтастай, бұл 9-14 млн. тонна жүкті құрайды. Жаңа жылдан бастап толық пайдалануға берілген кезде жүк тасымалы 400 млн. тоннаға дейін ұлғаяды. Жолаушылар тасымалы бұл учаске бойынша 2015 жылы жүре бастайды.

Соңғы жаңалықтар