Жаңа теміржол желілерінің құрылысына 12,8 мыңнан астам адам тартылды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ірі инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру елеулі әлеуметтік-экономикалық тиімділікті қалыптастырады. Жаңа теміржол желілерінің құрылысына Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде 12,8 мыңнан астам адам тікелей тартылған. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жаңа теміржол желілерінің құрылысына 12,8 мыңнан астам адам тартылды
Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Бүгінгі таңда Достық — Мойынты учаскесінде екінші жолдардың құрылысы аяқталуда. Алматы айналасында айналма темір жол, Дарбаза — Мақтаарал және Бақты — Аягөз желілерін салу жұмыстары жалғасып жатыр. Мойынты — Қызылжар жаңа желісін салу және Алтынкөл — Жетіген учаскесін жаңғырту бойынша жобаларды іске асыру басталды.

— Құрылыс процесі теміржол төсемдерін төсеуден бастап көпірлер, энергетика, байланыс және автоматика объектілерін салуға дейінгі жұмыстардың кең спектрін қамтиды. Түрлі бағыттағы мамандар — инженерлер, жобалаушылар, геодезистер, көпір салушылар, жол салушылар, энергетиктер, байланысшылар, арнайы техника жүргізушілері және т. б. жұмылдырылған, — делінген хабарламада. 

Жаңа теміржол желілерінің құрылысына 12,8 мыңнан астам адам тартылды
Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Бұл жергілікті тұрғындардың барынша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді.Сонымен қатар, іргелес елді мекендерде — тұрғын үй, тамақтану, көліктік қызмет көрсету саласында шағын және орта бизнес қызметтеріне сұраныс артып келеді, бұл қосымша жұмыс орындарын ашады және өңірлер экономикасының дамуын ынталандырады.

Жаңа теміржол желілерінің құрылысына 12,8 мыңнан астам адам тартылды
Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Ауқымды құрылыс отандық компанияларға жаңа серпін берді: өндірістік және техникалық қуаттар күшейтілді, кадрлардың біліктілік деңгейі артты, құнды практикалық тәжірибе жинақталды.

Бүгінгі таңда теміржол саласының құрылыс ұжымдары жоғары құзыретке ие және кез-келген күрделі жобаларды жүзеге асыра алады. Құрылыс аяқталғаннан кейін теміржолдың жаңа учаскелерін пайдалану және техникалық қызмет көрсету саласында тұрақты жұмыс орындарын қалыптастыру күтіледі.

Айта кетелік, трансқазақстандық теміржол дәлізін дамыту жұмыстары аясында ауқымды 3 жоба жүзеге асады.

Соңғы жаңалықтар