01:21, 23 Сәуір 2014 | GMT +5
Жаңа «Терминатордың» түсірілімі басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Терминатор" атты жаңа фильмнің түсірілімі басталып кетті, деп хабарлады Skydance Productions студиясы фейсбуктегі парақшасында.
Бұл туралы Gazeta.ru хабарлады. Режиссер Алан Тейлордың фильміндегі басты рөлдерді Эмилия Кларк, Арнольд Шварценеггер, Джей Кортни, Джейсон Кларк сомдайды. Фильмнің алғашқы көрсетілімі 2015 жылдың 1 шілдесіне жоспарланған.