Жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша бір шаршы метрдің болжамды бағасы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қазақстан халқына Жолдауында айтқан жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша бір шаршы метрдің болжамды бағасы анықталды. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында Ұлттық
None
None

экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты. Оның мәліметінше, Алматы мен Астана қалаларындағы жалға берілетін баспана бағасы қымбатырақ болады. «Жалға беру құны әртүрлі болады. Алматы мен Астанада сәл қымбатырақ болады, өйткені мұнда тұрғын үй бағасы қымбатырақ. Мәселен, біздің есептеуімізше бұл екі қалада баспана сатып алу құны шаршы метріне 200 мың теңге, ал салу құны 185 мың теңге болады. Ал аймақтарда сатып алу 165 мың, салу 150 мың теңгені құрайды» - деді ол.

Осылайша Астана мен Алматыдағы ай сайынғы жалдау құны 56 мың теңге төңірегінде болады.

«Аймақтар үшін бұл баға 40 мың теңге көлемінде болады. Екі жағдайда да үй жалға алған адамның меншігіне өтеді. Ал меншікке өтпейтін жалға берілетін үйлер тіпті арзан болады» - деді Қ. Өскенбаев. Оның айтуынша, бағдарламада сатып алу құқығынсыз жалға алу механизмдері де қарастырылған.

«Бізде тізімде тұрған 300 мың тұрғынның 126 мыңнан астамы әлеуметтік аз қамтылған халық санатынан. Біздің есептеуіміз бойынша олар орта есеппен айына 65 мыңдай табыс табады. Ал сол табыстың 40 немесе 56 мыңын баспанаға төлеу тағы да оларды қиындыққа алып келеді. Сондықтан, біз баспананы сатып алу құқығынсыз жалға беру ережесін де енгіземіз. Онда айына коммуналдық төлемдерді есептемегенде шамамен 26-27 мың теңге болады. Бұл екі бөлмелі пәтерге арналған есеп-қисап. Яғни, біз осы критерийді негізге алдық. Бір бөлмелі пәтер бұдан да арзанырақ болады» - деді ол.

Соңғы жаңалықтар