Жаңа Үкімет Парламент Мәжілісі сайлауынан кейін жасақталады - Елбасы

АСТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Жаңа Үкімет Қазақстандағы Парламент Мәжілісі сайлауынан кейін жасақталады.
None
None

Бүгін Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс 14 съезі барысында Мемлекет басшысы осылай мәлім етті.

«Алдағы Мәжіліс сайлауы саяси жүйені жаңғыртудағы маңызды қадам. Биліктің орталық мемлекеттік органдарын жаңарту үдерісі Мәжілістен және мәслихаттардан басталады, сондықтан парламентшілердің уақытынан бұрынғы сайлауы бастамасы үлкен құрметке ие », деді Елбасы.

Президент өз сөзінде көппартиялылық негізде, яғни кем дегенде екі партияның қатысуымен алғаш рет Парламент жасақталатын жеткізді. Осының барлығы барша саяси партиялардың жауапкершілігінің деңгейін айтарлықтай арттыра түседі.

Соңғы жаңалықтар