Жаңа заң имамдарға АХАЖ-да тіркелмеген жастардың некелерін қиюға тыйым салатын болады

АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңына енгізілетін өзгертулер АХАЖ-да тіркелмеген жас жұбайлардың некелерін қиюға тыйым салатын болады.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен «дөңгелек үстел» барысында Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның хатшысы Рашида Наубетова мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, бұл ауылдық жерлердегі кәмелетке толмаған қыздарды ерте және күштеп некеге отырғызудан қорғап, «қыз алып қашу» дәстүріне тосқауыл болады. Қазақстандық заңнамада адамды ұрлау қылмыс ретінде айшықтап көрсетілгенімен, бұл проблема ашық күйінде қалып отыр.

Мұны «Шығармашылық бастамасының әйелдер лигасы» қоғамдық бірлестігі 2010 жылы ҚР Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның, ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комитеттің қолдауымен және Сорос-Қазақстан қорының демеушілігімен жүргізген әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі көрсетті.

Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының ауыл халқы арасында жүрізілген сауалнама ерте және күштеп некеге отырғызу жиі кездесетінін көрсетті. Онымен бірге, ауылдық елді мекендерде «қыз ұрлауды» жергілікті тұрғындар қалыпты үрдіс және ұлттық дәстүр ретінде бағалайтынын айғақтады. 300 мың халқы бар Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында 2010 жылдың 9 айы ішінде тіркелген 1518 некенің 10-ы кәмелетке толмағандардың арасында жасалды.

Респонденттердің 62,3 пайызы өмірінде «қыз ұрлау» дәстүрімен және 16 жасқа толмағандардың некесімен кездескендігін айтты. Онымен бірге сауалнамаға қатысқандардың 95,1 пайызы бұл дәстүр қыздар мен әйелдердің құқықтарын шектейтінімен келісті. Зерттеуге 12-60 жастар аралығындағы 764 адам қатысты.

Р.Наубетованың айтуынша, бұрын қазақстандық заңнамада «қызды ұрлағандарды» әкімшілік жауапкершілікке тартуды қарастыратын ереже болды. Соңғы уақытта бұл ереже заңнан алынып тасталды және ахуалдың белең алуының себебі осы деп біледі.

«Кәмелетке толмаған қыздармен жасалатын некелер ресми түрде тіркелмейді. Олар тек мешіттерде «неке қию» рәсімін жасайды. Ажырасып жатқан жағдайда қыздардың не ортақ мүлікке не балаларына алимент алуға құқығы болмайды. ЮНИСЕФ-тің мәліметтеріне сәйкес, ерте жасында тұрмыс құрған әрбір бесінші бойжеткен босану кезінде көз жұмады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар