Жаңа заң жобасы баспана салуға кететін шығынды азайтады - Қ.Өскенбаев

«Бұл заң жобасы қабылданса, баспана салуға кететін шығын кем дегенда 10 пайызға арзандауы керек. Бірақ, дайын үйдің бағасы қымбаттай ма, жоқ па, ол сұраныс пен ұсынысқа байланысты болмақ. Өздеріңіз білесіздер ғой, үй бағасы Астанада бір бөлек, Көкшетауда бөлек баға», - деді журналистердің сұрағына жауап берген Қ.Өскенбаев.
«Біз құрылыс салған тарапқа пəтер бағасын осындай көлемде бекіт деп бұйыра алмаймыз. Біз тек мемлекеттік бағдарламаға қатысушы компанияларды міндеттей аламыз», - дейді вице-министр.
Қ.Өскенбаев түсіндіргендей, «Бəйтерек» холдингі жалға берілетін баспана салады, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі де мемлекеттік бағдарламаға қатысады, сондықтан, осы бағдарламалар аясында салынатын баспананың бағасын реттеуге болады. «Ал егер құрылыс компаниясы үйді өзі салса, пəтерлердің бағасын реттеуге араласа алмаймыз», - дейді ол.