Жаңа заң жобасы энергия үнемдеу саласындағы нормаларды жетілдіруге бағытталған
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Заң жобасы энергия үнемдеу саласындағы заңды және жеке тұлғалардың қызметі процесінде туындайтын қатынастарды құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатын көздейді.
Заң жобасы «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы сәуірдің 6-сындағы Жарлығына сәйкес әзірленген.
Заң жобасы өнімнің энергия сыйымдылығын азайту, отын-энергетика кешенінің экономикалық тиімділігі мен жұмыс істеу сенімділігін арттыру мақсатында энергия үнемдеу саласындағы нормаларды жетілдіруге бағытталған.
Энергия үнемдейтін өнім өндірушілер мен отын-энергетика ресурстарын тұтынушылардың, энергетикалық тексеруге қатысушылар - тексерілетін үй-жайдың кәсіби ұйымы мен заңды тұлғасының, отын-энергетика ресурстарын өндірумен, шығарумен, өңдеумен және тұтынумен айналысатын заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері заңнамалық тұрғыдан бекітілді.
Көрсетілген шаралар отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға, сондай-ақ елді энергиямен қамтамасыз етуде мемлекеттік реттеу рөлін күшейтуге, энергия үнемдеу жүйесін тұрақты дамытуға қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл сайып келгенде, Қазақстан Республикасының энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.