Жаңа заң жобасы жария етуден түсетін қаражатты 2 триллион теңгеден асыруға септігін тигізбек - А. Теңгебаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа заң жобасы жария етуден түсетін қаражатты 2 триллион теңгеден асыруға септігін тигізбек. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі ақшалай қаражат пен мүлікті заңдастыруды жеңілдету тақырыбындағы брифинг барысында Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев мәлім етті.

Айта кетерлігі, былтырғы жылы акция басталғанда Қаржы министрлігі жария ету шарасынан 2,2 триллион теңге немесе 12 млрд АҚШ доллары заңдастырылатынын болжаған болатын. Алайда, аяқталуына жарты жыл қалған шара барысында әзірше 292 млрд. теңге жария етілген.

«Расында да, біздің сарапшылар екі триллион теңгеден астам ақшалай қаражат пен мүлік жария етіледі деп бағалаған. Әрине, акцияның аяқталуына біраз уақыт бар. Дегенмен, біз әзірлеген заң жобасын Парламент қабылдайтын болса, онда акция уақыты да ұзартылады. Сосын оған қатысушылар белсенділігі де артады. Өйткені, халықтың айтуы бойынша, акция барысында түсініксіздеу әрі күрделі тұстары да бар. Сондықтан да, заң арқылы жария ету тетігі жеңілдетіліп отыр», - деді вице-министр. Оның пайымынша, жаңа заң жобасы іске қосылса жария ету акциясынан 2,2 триллион теңге түспек.

«Жалпы жаңа заң жобасындағы нормаларды іске асыру жария ету үдерісін жеңілдететін, бұдан да қолайлы және тартымды жағдай жасайтын болады. Осының арқасында жария ету процесі жандана түседі деп санаймыз», - деді А. Теңгебаев.

Соңғы жаңалықтар
telegram