Жаңа Зеландия аралында 7 балдық зілзала болды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жаңа Зеландияның Кермадек аралдарында бейсенбі күні жергілікті уақытпен 13:56-да магнитудасы 7,0 балдық зілзала тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа Зеландия аралында 7 балдық зілзала болды
Фото: www.aa.com.tr

Гавай аралдарындағы цунами туралы ескертетін Тынық мұхит орталығы «Кермадек аралдарының кейбір жағалауында 0,3-1 м дейін жететін цунами болуы мүмкін» деп хабарлады.

Ал елдің Төтенше жағдайларды басқару ұлттық агенттігінің дерегі бойынша, күшті жер сілкінісінен кейін Жаңа Зеландияға цунами қаупі төніп тұрған жоқ.