Жаңа Жібек жолы жаңа көліктік негізге құрылады - Елбасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа Жібек жолы жаңа көліктік негізге құрылады. Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.
None
None

«Жылдан жылға Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен достығы нығайып, стратегиялық әріптестігі күшейіп келеді. Ұлы Жібек жолын біз бүгінгі күні Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы өңірін Еуразияның көліктік-сауда көпірі ретінде қайта жаңғырту арқылы құрып жатырмыз. Теміржол, автокөлік жолдарымыз, әуе жолдары секілді біздің барлық шараларымыз Жібек жолын тұтастай магистральға айналдыруда», - деді Н. Назарбаев.

Бұл ретте Елбасы аталған бағыттың еліміз үшін маңызына тоқталып, Қазақстан транзиттік аумаққа айналатынын, ал бұның ел дамуына тың серпін беретінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар