Жаңа жыл түні ең көп нәресте дүниеге келген өңірлер қандай

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда Жаңа жыл түнінде 254 нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.

нәресте
Фото: ДСМ

Министрліктің мәліметінше, туған нәрестелердің саны, жынысы бойынша ұлдар мен қыздар бірдей. Олардың ішінде Ақтөбе облысында бір егіз дүниеге келді. 

Дәстүрлі түрде ең көп нәресте дүниеге келген өңірлер мынадай: 

  • Түркістан облысы — 29 бала,
  • Шымкент қаласы — 24,
  • Астана — 22 және Алматы қаласы — 21.

Денсаулық сақтау министрлігі «Аналар саулығы» бағдарламасы шеңберінде экстрагениталдық патологияларды анықтау, жоспарланған жүктілікке дейін зерттеп-қараулар мен сауықтыру мақсатында профилактикалық қарап-тексерулер мен прегравидарлық дайындық жүргізіп жатыр.

— 2025 жылдың қорытындысы бойынша прегравидарлық дайындықпен қамту 11%-ға артып, әйелдердің 46,5%-ын құрады. Жүктіліктің 10 аптасына дейін ерте есепке тұрған жүкті әйелдердің саны 25%-ға өсті. Бұл әрбір болашақ анаға жеке мультидисциплинарлық тәсілді қамтамасыз етуге, сапалы антенаталдық күтім көрсетуге, қауіпсіз босануға және босанғаннан кейінгі бақылауды жүргізуге мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Алматыда Жаңа жылға қараған түні 21 сәби дүниеге келгенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум