Жаңа жылдың алғашқы күні ауа райы қандай болады
АСТАНА. KAZINFORM – Республиканың 16 облысында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында бейсенбі, 1 қаңтарға ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
Астанада түнде қар жауып, жаяу боран соғады деп күтіледі. Жолда көктайғақ болады. Жел батыстан соғып, түнде оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с.
Алматыда тұман түседі. Жолда мезгіл-мезгіл көктайғақ болады. Шымкентте де тұман түседі.
Абай облысының солтүстігінде, батысында және орталығында қар жауып, жаяу боран соғады, көктайғақ болады. Жел шығыс және оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігі, батысы мен орталығында екпіні 15–20 м/с.
Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында түнде қар жауып, жаяу боран соғады. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болады. Жел батыстан соғып, түнде оңтүстігі мен шығысында, күндіз батысы мен солтүстігінде оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түсіп, жолда көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан соғып, облыстың шығысында оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с.
Атырау облысының солтүстігі мен шығысында қар жауып, боран соғады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында тұман, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан соғып, түнде солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында және орталығында қар жауып, көктайғақ пен жаяу боран күтіледі, күндіз облыстың батысында қалың қар жауады. Облыстың батысы мен орталығында тұман болады. Жел оңтүстіктен соғып, облыстың оңтүстігі, шығысы мен орталығында екпіні 15–20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында қар жауып, жаяу боран соғады, көктайғақ болады. Жел шығыс және оңтүстік-шығыстан соғып, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында түнде қалың қар жауып, жаяу боран күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, облыстың солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында екпіні 15–20 м/с.
Тараз қаласында 1 қаңтарда тұман мен көктайғақ күтіледі.
Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, облыстың шығысында екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23–28 м/с-қа дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысының шығысында түнде қар жауып, жаяу боран соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман мен көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде түнде қар жауып, жаяу боран соғады, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, түнде солтүстігі мен шығысында оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде қар жауып, жаяу боран мен көктайғақ болады.
Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыс және оңтүстіктен соғып, түнде батысы мен солтүстігінде, күндіз 15–20 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстігінде түнде және таңертең аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу боран және көктайғақ күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстік-шығысында тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, түнде солтүстікке ауысады, екпіні 15–20 м/с, облыстың солтүстігі мен орталығында кей уақытта 23 м/с-қа дейін, күндіз облыстың батысында 15–20 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде түнде қар жауып, жаяу боран соғады, жолда көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан соғып, түнде облыстың батысы, оңтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде түнде қар жауып, боран соғады, күндіз облыстың батысында аздаған қар мен боран күтіледі. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстіктен соғып, түнде облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с, күндіз 15–20 м/с, ал облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, таулы асуларда екпіні 15–20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, облыстың батысы мен солтүстігінде оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15–18 м/с.
Еске салсақ қаңтар айында ауа райы қандай болатыны туралы жазған едік.