Жаңа Жолдау жаңа серпілістерге бастайды - Ж.Рыспембетова

ҚЫЗЫЛОРДА. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Шиелі кентіндегі №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы орта мектептің директоры Жеңіскүл Рыспембетова Елбасының Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауының жаңа серпілістерге бастайтынына сенімді.
None
None

Өзінің бұл жөніндегі ойын ол былай деп тарқаттып айтып берді:

«Халқы тату-тәтті саясаты сарабдал елдің ғана қазынасы қыруар, болашағы баянды болады», - деп атап көрсеткен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» деп аталады. Бірнеше жыдан бері дәстүрге айналып келе жатқан Елбасымыздың халыққа Жолдауынан жұртшылық үлкен үміт күтетіні анық. Президентіміздің биылғы Жолдауы да халық арасында ерекше серпіліс туғызды. Ұрпағымыздың кемел келешегіне деген нық сенім ұялатты. Тәуелсіз еліміздің тұғырлы болуы жолындағы мақсат мүддеміздің, бағыт-бағдарымыздың сара жолын айқындап берді.

Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңдерінде қабылданған «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасының алғашқы онжылдығы қорытындыланып, болашаққа жаңа мақсаттар қойып отырған Жолдауда Елбасы үш аса маңызды мемлекеттік бағдарламаларды бекіткенін айтты. Бұл - білім беру, денсаулық сақтау және тілдерді дамыту бағдарламалары. Бүгінде еліміз білім беру ісін дамытуда 129 елдің арасында көшбастаушылар қатарында келеді. Өткен онжылдықта білімге бөлінетін қаражат он есеге көбейді. Осы жылдары 750 жаңа мектеп салынады.

Бүгінгі ұрпақ - еліміздің ертеңі. Сондықтан біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жаңа кредосына айналуы тиіс. 2020 жылға қарай біз оқытудың 12 жылдық моделіне толықтай көшетін боламыз. Ол үшін, 2015 жылға қарай республикалық бюджет қаржысы есебінен кемінде 200 мектеп салынып, және осынша мектеп жергілікті бюджет есебінен тұрғызылу жоспарланып отыр. Мұның барлығы білім беру бағытын дамытудағы жаңа мүмкіндіктер болмақ.

Соңғы жаңалықтар