Жаңа жыл қарсаңында Маңғыстау облысының әкімі облыстық мамандандырылған балалар үйіне сыйлықтар табыс етті

АҚТАУ. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/- Бүгін Маңғыстау облысының әкімі облыстық мамандандырылған балалар үйіне сыйлықтар табыс етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

70 орындықты балалар үйінде 40 тәрбиеленуші бар. Олар мұнда 4 жасқа дейін тәрбиеленеді.

Бұрын 60 орындықты үй 2008 жылдың аяғында 10 балаға арналған тағы бір топпен толыққан болатын. 

Маңғыстау облыстық балалар үйінің бас дәрігерінің міндетін атқарушы Светлана Жұбантұрлиеваның айтуынша, биылғы жылы тастанды балалардың саны көп, алайда оларды асырап алушылар да аз емес. Мәселен, 2008 жылы 49 бала түссе, биылғы жылы 79 бала түскен. Былтыр 36 баланы, биыл 52 баланы асырап алған. Оның ішінде өз ата-аналарын тапқан 4 бала бар.

«Уақытша жазасын өтеп отырған ата-аналардың балалары да бар. Біз оларды өздеріне кейін қайта табыстаймыз» деді бас дәрігер Светлана Баубекқызы. 

Тәрбиешілердің саны 16. Екі ауысымда кезектесіп жұмыс жасайды. Балалар дәрігері 2-еу, сонымен қатар, невропотолог, логопед, әдіскер мамандары бар.

Кішкентай сәбилер тілдері былдырлап, тақпақтарын айтып, шыршаны айнала билеп, қуанышты екендіктерін жасырмады.

Облыс әкімі бөбектерге үлкен шырша, 6 және 10 килограмдық кір жуғыш машина, тәттілер табыс етті.

«Жаңа жыл қарсаңында кішкентайларға арнап арнайы сыйлар дайындап, кіржуғыш машина керек екендігін ескеріп, 2 үлкен кіржуғыш машиналарды алып келдік. Соңғы екі жылда бұл жердегі 90-ға жуық бала ата-аналарын тапқан.Тәуелсіз Қазақстанымыздың арқасында жетімдерімізді жылатпай пана болып отырмыз. Олардың келешекте ел тірегі боп өсетін азамат болуларын тілеймін» деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев. 

Соңғы жаңалықтар