16:36, 05 Қаңтар 2010 | GMT +5
Жаңа жыл қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының Бөкенші аулына сапалы ауызсу келді
СЕМЕЙ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Жаңа жыл Семей қаласына жақын жерде орналасқан Бөкенші ауылының тұрғындары үшін айтулы оқиғамен атап өтілді: мереке қараңында мұнда қайта жаңартылған су құбырының желісі іске қосылды.

Бұл жерде сапалы ауызсу ұзақ жылдар бойы қат болып келді. «Жол картасы» бағдарламасы аясында бөлінген қаражатқа құрылысшылар су тарту құрылғысын қайтадан қалпына келтірді және әрбір ауыл тұрғынының үйіне сапалы ауызсу келуі үшін алты шақырымнан астам құбырлар төселді.
Атқарылған жұмыстардың сметалық құны 80 млн. теңгеден асып жығылады.