18:11, 29 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Жаңа жыл қарсаңында Таразда 85 отбасы пәтерлердің кілттерін алды
ТАРАЗ. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жаңа жыл қарсаңында Таразда 85 отбасы «Астана» шағын ауданында орналасқан жаңа бес қабатты үйден 85 пәтердің кілттерін алды,

деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев қоныс тойын тойлаушыларға пәтерлердің кілттерін тапсыра отырып, Мемлекет басшысының жүргізіп отырған әлеуметтік саясатының жер-жерлерде белсенді түрде жүзеге асырылуы тиіс екенін атады.
«Біздер жеткен жетістіктерімізбен тоқтап қалмаймыз. 2010 жылдың бірінші тоқсанында жалдамалы-коммуналдық тұрғын үй бағдарламасы бойынша 70 пәтерлік жаңа үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр», - деді әкім.