15:49, 30 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Жаңа жыл мерекесіне орай облыс соттарының ұжымы сәбилерге тарту жасады -Қызылорда (ФОТО)
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Жаңа жыл мерекесіне орай Қызылорда облысы соттарының ұжымы қайырымдылық шарасын өткізді. Олар облыстық мамандандырылған сәбилер үйінде болып, бүлдіршіндерге тарту жасады, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Бұл мерекеде сәбилер үйіне Қызылорда облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Қайрат Адранов пен ҚР Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалы және Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы А.Дәуренбеков, Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі А.Абылаева арнайы сыйлықтарымен бүлдіршіндерді құттықтап барды.
Сәбилер үйінің бүлдіршіндері қонақтарға өнерлерін көрсетті. Бірі тақылдатып тақпақ оқыса, енді біреулері топтанып би билеп, ән шырқап, ортаны ән мен күйге бөледі.