Жаңа жыл түнінде Ақтөбе облысында 51 cәби дүниеге келді
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - 2016 жылғы желтоқсанның 31-інен 2017 жылғы қаңтардың 1-і бойынша Ақтөбе облысында 51 cәби дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Басқарма басшысы Әсет Қалиевтың айтуына қарағанда, биылғы жаңа жылда туған сәбилердің 26-cы ұл, 25-і қыз бала.
Жалпы Ақтөбе облысы бойынша өткен жылы өмірге келген шақалақтар арасында ер балалар көп болған. Аймақта дүние есігін ашқан 19 848 сәбидің 9 958-і атұстар болса, 9 890-ы кестетігер.
«Айта кетерлігі, былтыр облысымызға дүние есігін ашқан балалардың арасында 5 үшем, 193-егіз болды», - дейді Әсет Қалиев.
Зада Зейін