Жаңа жыл түніндегі төбелесті Алматы полициясы тексеріп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы Жаңа жыл түнінде болған төбелесті тексеруге алды, деп хабарлайды ҚаАқпарат тілшісі.

Жаңа жыл түніндегі төбелесті Алматы полициясы тексеріп жатыр

Төбелестің видеосы Инстаграмдағы Жесть кз паблигінде жарияланған.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Сафина дәмханасының алдында 1 қаңтарда таңғы сағат 6 шамасында болған.

Сыртқа темекі шегуге шыққан екі адамды ер адамдар соққының астына ала жөнелген.

«Бұл дерек бойынша Жетісу аудандық ІІБ ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - деді баспасөз қызметінен.

Ал  таяқ жеген адамдар ауыр жағдайда ауруханада жатыр. Жақындарының айтуынша, оның бүйрегі мен ұйқыбезі қатты зақымданған.