16:15, 28 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Жаңа жылда Алматының хайуанаттар бағында 9 күн балаларға ерекше сыйлықтар жасалады (ФОТО)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда мектеп оқушыларының қысқы каникулына байланысты, қаладағы хайуанаттар бағында жаңа жылдық Шырша тойын мерекелеу 9 күнге созылады. Алдағы 29-шы желтоқсан күні түске қарай басталатын мереке, 30-шы желтоқсанда және 2016 жылдың 2-7-ші қаңтары аралығында болады.

Бұл шара зообақта осымен екінші рет ұйымдастырылайын деп отыр.
Мұнда Аяз ата мен Ақшақар балалар арасында қызықты байқаулар ұйымдастырады және сыйлықтар таратады. Сондай-ақ, балалар жаңа жылдың символы - мешінді қарсы алу рәсіміне қатысады. Бүгінгі таңда зообақта маймылдың жеті түрі бар. Олар: шимпанзе, гиббон, сиаманги, макак, лапундер, явалық макак, жапондық макак және колобустар. Барлығы 18 маймыл өмір сүреді.
Айта кетелік, биыл Алматының хайуанаттар бағына бірқатар аңдар жеткізілді. Олар: лори, опоссум, сиаманг, ақбөкен,
Сондай-ақ, мұнда соңғы 10 жыл ішінде 11-ші керік туылды. Оған қоса қара күшіген құсының саны артты.
Жалпы, биыл зообақта 168 түрлі хайуандар төлдеді.