Жаңа жылда Оңтүстік Қазақстанда 45 мектеп корпусы мен 81 денсаулық сақтау нысанының құрылысы басталады

ШЫМКЕНТ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - 2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында біраз әлеуметтік мәселе шешіледі - соңғы бірнеше жыл бойы аймақтың бюджеті халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталып отыр.
None
None

Облыстық әкімдіктен хабарлағандай, ағымдағы жылы өңірде апаттық жағдайдағы мектептерде 45 жаңа корпус құрылысын бастау жоспарланып отыр. Жаңа оқу жайлары балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен бірге үш ауысымды оқу проблемасын да шешеді. Оған қоса, жұмыс істеп тұрған және жаңадан салынған мектептердің барлығы жаңа жиһаздар - парталармен, тақталармен, сондай-ақ компьютерлермен жабдықталады. 118 балабақша мен шағын орталық ашылады, 81 денсаулық сақтау нысанының құрылысы басталады.

Облыс басшылығы сонымен бірге 22 елді мекенге газ тартуды, ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету және автожолдарды жөндеу жұмыстарын әрі қарай жалғастыруды жоспарлап отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысының 2010 жылғы бюджеті 159,48 миллиард теңгені құрап отыр. Оның 146,73 миллиард теңгесі - республикалық бюджеттен қарастырылған трансферттер.

Соңғы жаңалықтар