13:55, 30 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Жаңа жылда жаңаша құлпыра түскен Астана
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бүгінгі күн бітпей жатып, ертеңгі күн басталып кетті...» деген екен баяғыда бір данышпан. Десе дегендей, көзді ашып-жұмғанша кеше ғана қарсы алып жатқан тауық жылы зымырап өтіп, тарих қойнауына сіңіп барады. Жаңа 2018 жылдан Қазақ елінің үміті зор. Ит жылында береке-бірлігі жарасқан елдің бағы еселене түссін деген тілекпен «ҚазАқпарат» ХАА оқырмандарына 2018 жылдың қысында жылдағыдан өзгеше өңге енген, көрікті де келбетті Астананың бірегей фотосуреттерін ұсынады.

Астана қаласының көшелері тұнып тұрған романтика десе де болады. 20 жыл бұрын бой көтерген Астана 20 жастағы жас өрен секілді - құлпырып тұр.
Астана әкімдігінің алдын тұтас бір ертегілер әлемі дерсіз.
Көпірдің көркі ерекше
Көрікті қала көздің жауын алады
Мәңгі жаса, Мәңгілік ел!
Серпілгіңіз келсе - ЭКСПО-ның ғажайыбын айналып өтпеңіз.
Қымбат үй мен сымбатты үй
Жарқыраған Бәйтерек
Мың рет естігеннен бір рет көрген артық!