Жаңа жылдан соң GGG сауда маркасы бүкiл әлемге таралады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жылдан соң Геннадий Головкиннiң сауда маркасы бүкiл әлемге таралады. Бұл туралы GGG командасының менеджерi Олег Герман мәлiм еттi.
None
None

"Бiз Геннадийдiң сауда маркасын тiркедiк. Бiз толыққанды коллекция шығаруды жоспарлаудамыз. Оның мәртебесi мен аты танымал. Жаңа жылдан соң бiз оны шығара бастаймыз. Геннадий Головкиннiң есiмiн барша әлемге таратпақ ойымыз бар. Америкада және Еуропада жекпе-жектер ұйымдастыруды жоспарлаудамыз. Қазақстанда ұйымдастыруды да ойластырып жатырмыз. Азия - жаңа нарық", - дедi ол бүгiн Г. Головкиннiң Астанадағы Назарбаев Университетiнде отандық жанкүйерлермен және БАҚ өкiлдерiмен кездесуi барысында.

Соңғы жаңалықтар