Жаңа жылдың алғашқы күнінде 145 адам қар құрсауынан шығарылды

Комитеттің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қарағанды облысында 1 қаңтар күні сағат 17:30 Ұлытау ауданында «Қарсақпай-Байқоңыр» тас жолының 67 шақырымында қар құрсауынан 3 адам шығарылды.
Осы күні сағат 19:20 «Жезқазған-Петропавл» тас жолының 122 шақырымында қар құрсауынан 33 адам, соның ішінде 4 бала шығарылды.
Сағат 23:10 Осакаров ауданында Осакаровка кентінен 26 шақырым жерде 2 адам мен 1 техника қауіпсіз жерге шығарылды.
1 қаңтарға қараған түні Ақтөбе қ. айналып өтетін жолында құтқарушылар 2 адам мен 2 техниканы қауіпсіз жерге шығарды.
Алға ауданында «Самара-Шымкент» жолының 40 шақырымында құтқарушылар Ақтөбе қаласына 33 жолаушысы бар автобусты жеткізді. Бұл жолдың 45 және 817 шақырымында апаттық-құтқару жұмыстары нәтижесінде 37 адам, оның ішінде 3 бала мен 6 техника құтқарылды.
Хромтау ауданында Хромтау қаласы мен Батамшы ауылы арасында көлігімен тұрып қалған азаматқа көмек көрсетілді. 1 адам мен 1 техника шығарылды.
Ақтөбе-Орынбор тас жолындағы апаттық-құтқару жұмыстары нәтижесінде 19 адам, соның ішінде 3 бала қауіпсіз жерге шығарылды.
Сондай-ақ, Ақтөбе облысының құтқарушылары Әйтеке би ауданында 6 адам мен 2 техниканы қар құрсауынан құтқарды.