Жаңаарқада жазушы Ақселеу Сейдімбекке ескерткіш қойылды

ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Ұлытау облысының Жаңаарқада ауданында жазушы, этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбекке ескірткіш орнатылды. Бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Биыл Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдық мерейтойы. Осыған орай, бүгін Жаңаарқа ауданында біртуар тұлғаны ұлықтауға арналған бірқатар шара ұйымдастырылып, оған жазушының туыстары мен елімізге белгілі зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Ескерткішті ашу рәсімін облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы, Ақселеу Сейдімбектің бауыры Әмзе Сейдімбек, ақын Ғалым Жайлыбай мен тарихшы Қойшығара Салғарин орындады. Шарада зиялы қауым өкілдері құттықтау сөз сөйлеп, алаш ардақтысы туралы естеліктерімен бөлісті», - деп жеткізді Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Бұрын хабарлағанымыздай, Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдығына орай, Алматы мен Шымкентте республикалық ақындар айтысы мен күй байқауы өтеді . Сонымен қатар, мерейтой қарсаңында елорда көшелерінің біріне көрнекті жазушының есімі берілді .


Соңғы жаңалықтар