16:44, 07 Маусым 2022 | GMT +5
Жаңадан енгізілетін патриотизм сабағында балалар нені оқып-үйренеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 5-11 сыныптарда «Патриотизм және жаһандық құзыреттер» курсы факультатив форматында оқытылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, курс мынадай модульдерден тұрады:
- Қаржы сауаты және кәсіпкерлік негіздері,
- Азаматтық,
- Парасат пен әдеп,
- Экология мәдениеті,
- Сыни тұрғыдан ойлау,
- Зайырлылық және дінтану негіздері,
- Медиасауат.
Сыныптар мен жас ерекшелігіне қарай балалар осы бағыттар бойынша оқытылады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан мектептерінде патриотизм туралы жаңа сабақ енгізілетінін хабарлаған болатынбыз.