10:33, 06 Қаңтар 2015 | GMT +5
Жаңадан тағайындалған сот төрағасы таныстырылды - Қызылорда
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының ұжымына Елбасының 2014 жылдың 24 желтоқсанындағы №983 Жарлығымен Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы болып тағайындалған Мейрамбек Ибрашевті таныстырды.
Бұл туралы Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі хабарлады.