Жаңадан тағайындалған вице-премьерлер қандай салаларға жауап береді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде министрлер кабинетіне ҚР Премьер-Министрінің жаңадан тағайындалған орынбасарлары - Ерболат Досаев пен Асқар Жұмағалиев таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап. 
None
None

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өзінің жаңа орынбасарларын таныстыра отырып, Ерболат Досаевтың экономикалық блокты күшейтетінін, соның ішінде экономиканың басты салаларын жаңғырту бойынша жобаларды іске асыру жұмыстарын үйлестірумен айналысатынын атап өтті. 

Асқар Жұмағалиев экономиканы цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға, соның ішінде бүгінгі күн тәртібінде тұрған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасына жетекшілік етеді. 

Бақытжан Сағынтаев 18 тамызда өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамыту және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелері бойынша өткен кеңес аясында, сонымен қатар 25 тамызда Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия қызметінің мәселелері бойынша өткен кеңес аясында Мемлекет басшысы Үкіметке нақты міндеттер жүктегенін айтып өтті. 

Осыған орай, ескертулерді ескеріп, барлық тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету, экономика өсімінің қазіргі қарқынын сақтау қажет. 

Еске сала кетейік, бүгін, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлықтарына сәйкес, Досаев Ерболат Асқарбекұлы  мен Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы  ҚР Премьер-Министрінің орынбасарлары болып тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар