Жаңақала ауданында прокуратура ғимараты мен тұрғын үйлер салынуда - БҚО

ОРАЛ. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстанның Жаңақала ауданында құрылыс биыл да қарқын алды.
None
None

Алдымен жалпы ауданы 300 шаршы метр болатын аудандық прокуратура кеңсесінің қадасы қағылған болатын. Аз уақыт ішінде қабырғасы қаланып үлгірді. Жұмыс іркіліссіз жүргізілуде.

Сонымен қатар биылға жоспарланған коммуналдық бір пәтерлі төрт үйдің де орны белгіленіп, қадасы қағылды. Әрқайсысы 80 шаршы метрлік бұл үйлерді  салуға республикалық бюджеттен  21,9 млн. астам теңге бөлініп, құрылысты жүргізуді «Разак» ЖШС (бастығы Ақан Табышев) жауапкершілігіне алып, жұмысты бастап кетті.

Бұл төрт үй де биылғы жылы қыркүйек айының соңында құрылысы бітіп, пайдалануға берілмек.

Соңғы жаңалықтар