20:20, 28 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Жаңақала полицейлері «барымташыларды» қолға түсірді - БҚО
ОРАЛ. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Жаңақала аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мал ұрлаған Орал қаласының 34 жасар және аталған ауданның 1980, 1976, 1985 жылғы тұрғындарын ұстады.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған төрттік биылғы 5 желтоқсанда Ақбалшық елді мекенінен 8 бас ірі қараны «барымталап» кеткен.
Қазіргі кезде мал ұрлаушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мал иелеріне қайтарылды.