17:49, 20 Қараша 2009 | GMT +6
Жаңақалада жаңа ансамбльдің тұсауы кесілді
ОРАЛ. Қарашаның 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Жаңақала ауданында «Жаңақала әуені» ансамблінің тұсауы кесіліп, алғашқы концертін қойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оған көптен бері аудандық мәдениет үйінде сырнайшы-баяншы болып еңбек етіп келе жатқан Ерлан Сатыбаев жетекшілік етеді. Ол - сонымен қатар жергілікті ақындардың сөздеріне ән жазған әуесқой композитор.
Аталмыш ансамбль құрамында 11 адам бар. Олардың арасында домбырашы, әншілері де жеткілікті.