Жаңақорған ауданында алдағы жылдары 12 инвестициялық жоба жүзеге асырылады - Қызылорда облысы
Биыл осылардың 9-ы іске асырылады деп күтілуде. Бұлардан бөлек 4 жоба пайдалануға берілді. Атап айтқанда, «Тасбұлақ» ЖШС қуаты 1,0 млн. тонна болатын тас ұнтақтау зауытын, «Шалқия-Неруд» ЖШС жылына 1,0 млн. тонна қиыршық тас өндіретін 3 жылжымалы тас ұнтақтау кешенін іске қосты. Бұл серіктестік бүгінгі күні 50 мың тоннадан астам қиыршық тас өндірді. «Дархан 2006» ЖШС қуаты 100 мың тонна болатын тас ұнтақтау зауытын монтаждау жұмыстарын бітірді. «УАД» ЖШС жылына 1,0 млн тонна қиыршық тас өндіретін тау зауытын жұмысқа қосты. «Берік-саз» ЖШС кірпіш өндіру зауыты 3 тоқсанда толық іске қосылады. «СКЗ-У» ЖШС жылдық қуаттылығы 500 мың тонна күкірт қышқылы зауытының құрылысын қаржыландыру мәселесі толық шешілмей келген болатын. Өткен мамыр айында бұған нүкте қойылды. Қазір зауыт құрылысы толық қарқынмен жүргізілуде. Оған жергілікті жерден 120 адам жұмысқа тартылуда. Жалпы, 2010-2014 жылдары 80 млрд. теңгенің инвестициясы тартылады деп күтілуде.