10:51, 14 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Жаңақорған ауданындағы Қосүйеңкі елді мекенінде жаңа мешіт ашылды - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты Қосүйеңкі елді мекенінде 200 орынға арналған имандылық үйі ашылды.

Мешіттің ашылу рәсіміне Қазақстаның бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербесәлі қатысты. Ол мешіттің ашылу салтанатына келген мұсылман жамағатын айтулы күнмен құттықтап, ел іргесінің тыныштығын, халыққа ынтымақ, бірлік тіледі.
Діни нысанның бой көтеруіне осы ауылдың тумасы кәсіпкер Мырзабай Қоспанбет мұрындық болды. Иманның қабын жамылған азамат мешіттің құрылысын өз қаржысы есебінен салдырды.