«Жаңақорған» шипажайы бәсекелестік ортаға беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ-на қарасты «Жаңақорған» шипажайын жыл соңына дейін бәсекелестік ортаға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін ОКО брифингінде облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Жақыпбаев мәлім етті.
None
None

Қаржы жоқтығына байланысты «Жаңақорған шипажай» ЖШС сатылмады. Енді бұл үшін екінші деңгейлі банктен несие алу мәселесі шешілуде. Жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде былтыр облыстағы коммуналдық кәсіпорын - салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы төрт рет сауда-саттыққа шығарылып, сатып алушы болмағандықтан коммерциялық тендерлер өтпеді деп танылған-ды.

«Жаңа жоспарға сәйкес жекешеленуі тиіс коммуналдық меншіктің 5 объектісі анықталды. Олардың қатарында «Байқоңыр» корпорациясына қарасты «АгроХолдинг Байқоңыр», «Жаңақорған шипажайы», «Қызылорда құс фабрикасы», «Арал балық өңдеу зауыты», «КазРосИнновация», «Жан-Арай Жем» серіктестіктері де бар», - деді басқарма басшысы.

Соңғы жаңалықтар