Жаңақорғанда көкөніс өсірумен айналысатын агрофирма құрылды

ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Жаңақорған ауданының Бесарық және Кеңес ауылдарында жер үлесі бар шаруалар бірігіп, "Тату-агро" агрофирмасын құрды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Құрылым негізінен көкөніс егумен айналысады. Сонымен қатар өз өнімдерін шаруашылық басында өңдеу мақсатында арнайы цех ашуға қадам жасап отыр. Оған қоса күріш тарту және ұн шығарумен, мал азығы ретінде жем дайындаумен айналыспақшы. Осы мақсатта аудан орталығынан ыңғайлы ғимараттарды сатып алу көзделген. Инвестор Мұрат Өмірзақұлының айтуынша, агрофирма еншісінде 13 мың гектар жер бар. Құрылым жетекшілері жұмысты дамыту мақсатында қазірдің өзінде 16 млн. теңгеден астам қаржы құйды.
Соңғы жаңалықтар