08:58, 30 Маусым 2009 | GMT +5
Жаңақорғанда жаңа зауыт салынып жатыр
sp;ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Жаңақорған ауданындағы Кейден ауылында күкірт қышқылы зауытының құрылысы бой көтерді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Ырыс-НГ" ЖШС Самара-Шымкент тас жолынан өндіріс орнына 9 шақырымдық жол тартса, "Ғасыр" компаниясы №26 бекеттен 1,8 шақырымдық теміржол тұйығын жүргізуде. Уран өндірісінде маңызы бар "CKЗ-U" күкірт қышқылы зауытының жобасын қаржыландыруға Жапонияның "ІNC" банкі мен "NEXІ" инвестицияларды қаржыландыру орталығы қызығушылық танытып отыр. 2011 жылы өндіріс орны пайдалануға берілгенде 227 адам жұмысқа тартылып, тәулігіне 1500 тонна күкірт қышқылы өндіріледі.