Жаңақорғандағы аурухананың инфекциялық бөлімінен соңғы науқас емделіп шықты

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық ауруханасының инфекциялық бөлімінен соңғы науқас емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңақорғандағы аурухананың инфекциялық бөлімінен соңғы науқас емделіп шықты

Жергілікті дәрігерлер үйіне оралған науқастың жағдайы жақсы екенін айтады.

Сондай-ақ, ауданға қарасты Төменарық ауылы ауруханасындағы провизорлық стационар да жабылды. Ал №1 провизорлық стационардан кеше тағы 5 науқас сауығып, үйлеріне қайтарылды, 4 науқас провизорлық бақылауда.

«Емделіп шыққан науқастар дәрігерлерге алғысын білдірді. Бүгінгі күні облыс көлемінде коронавирустің тарау қарқыны тұрақталып келеді. Осыған орай аурухана ішінен ашылған провизорлық стационалар жұмысын тоқтата бастады», - деп мәлім етті Қызылорда облысының әкімдігі.

Сондай-ақ, Қызылорда облысында пневмонияның ауыр түріне шалдыққан науқастар саны азайды.