Жаңаөзен бойынша сот үдерісі ашық күйінде қалады - ҚР Бас прокуратурасы

АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Жаңаөзен бойынша қылмыстық үдерісте дыбыс, фото және бейне жазбаларға соттың тыйым салуы халықаралық құқықтық нормаларға сай келеді.
None
None

Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.

 «Сот үдерісі ашық күйінде өткізіле береді. Сот залында, сондай-ақ сот тыңдауы бойынша тікелей трансляция жүріп жатқан басқа да нысандарда барлық адамдар қатысуда және бұл тұрғыда ешқандай шектеу жоқ. Онда журналистер, халықаралық байқаушылар, үдеріске қатысушылардың туған-туысқандары мен басқа да азаматтар бар. Жергілікті органдар, әсіресе сот тарапынан аталған отырыс бойынша хабар таратуға еш кедергілер болмас үшін барлық шаралар қабылданып жатыр»,-деді ресми өкіл.

Сот фото, бейне және дыбыс жазбасының құралдарын пайдалануға тыйым салу туралы шешім шығарғанына тоқталған ол,  отырыс барысында түрлі құралдарды пайдалану кейбір кедергілерді жасап, үдеріске қатысушылардың назарын бөлетінін жеткізді. Ресми өкілдің пайымдауынша, егер тиісті жазбалар болған жағдайда сот отырысына қатысушалар ертең олардың айтқан деректерінен  радиодан хабар таратып  немесе теледидардан көрсететінін байқаған кезде, бұл жағдайдар қатысушылардан объективті мәліметтер алуға кедергі болуы мүмкін.

Оның сөзіне қарағанда, аталған шектеу сотқа және басқа да қатысушыларға келтірілетін кедергілердің алдын алуы мақсатында ескерілді.

«Біздің пікірімізше, сот қабылдаған бұл шешім аталған істің толық әрі жан-жақты, объективті тергелуі және қарастырылуы мақсаты мен ұстанымдарына сәйкес келеді»,-деп түйіндеді Н. Сүйіндіков.

Соңғы жаңалықтар