Маңғыстау облысындағы мұнай ұңғымасында апат болды
ЖАҢАӨЗЕН. KAZINFORM — Жаңаөзен қаласы Теңге ауылынан 500 шақырым жерде мұнай ұңғымасында апат болды. Бұл туралы Маңғыстау облысының Экология департаменті хабарлады.

Видео әлеуметтік желілерде тараған болатын.
— Атап айтқанда, төтенше жағдай сағат 8:30 шамасында «Petro НефтеГазсервис» ЖШС-нің № 553 скважинасы бұрғылау жұмыстарын жүргізу барысында болған.
Тиісінше, сағат 8:40–та мекеме қажетті іс-шараларды қабылдап, төтенше жағдай оқшауланған. Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті зертханалық-талдамалық бақылау бөлімі аталған аумаққа апаттан қаншалықты зиян келгенін зерттеп жатыр, — делінген хабарламада.
Өлшемдер қорытындысы мен қабылданған шаралар қосымша хабарланады.
Айта кетелік экологиялық талапты бұзған мұнай компанияларына айыппұл салынған еді.