Жаңаөзен қаласында 100-ге жуық сәйгүлік қатысқан бәйге өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Жаңаөзен қаласында тартысты бәйге өтті. «ӨзенМұнайГаз» компаниясының 50 жылдығына орай ұйымдастырылған ат жарысқа еліміздің әр өңірінен келген 100-ге жуық сәйгүлік қатысты, деп жазады 24.kz.
None
None

Тұлпарлар 5 қашықтықта бабы мен бақтарын қатар сынады. Әр өңірдің үмітін үкілеген тұлпарлардың шабысына үн қоса келген көрерменде шек жоқ. Дүбірлі додаға Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан 100-ге жуық сәйгүлік қатысты.

«Өзіміздің мұнайшыларға, Жаңаөзен тұрғындарына сый ретінде ұйымдастырып отырмыз. Ат жарысы ұлы аламан, аламан, құнан және ұшқыр бәйге мен тай жарысы сияқты бәйгенің 5 түрі бойынша өтті. Ең алдымен қысқа қашықтықта 1 жасқа дейінгі жылқылар жарысты. 7 атасынан бері атбегілік кәсіпті ұстанған 70 жастағы Тілеген Өрісбайұлының сәйгүлігі мәре сызығын бірінші болып қиды.

Ал аламан бәйгеде асылтұқымды адай жылқысының бағы жанды. Шөлге төзімді, ұзаққа шабатын жүйрік ат 40 шақырымды еш қиындықсыз еңсерді», - деді шараны ұйымдастыруышылардың бірі «ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директоры Мақсат Ибағаров.

Соңғы жаңалықтар